Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталады

21 желтоқсан 2021, 08:19

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) келесі жекпе-жегі туралы жылдам жаңалығымен жанкүйерлерін қызықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған azattyq-ruhy.kz.

 

Хабарламаны оның командасы Instagram желісінде жариялады. Жазбаға сенсек, осы аптада «Qazaq Style» келесі жекпе-жегі жайлы ақпаратпен бөліседі.

 

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі жекпе-жегін 21 қарашада Лас-Вегаста өткізіп, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

 

Кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандықты ресми түрде әлем чемпионы атағы үшін міндетті үміткер ретінде тағайындады. Белбеу қазір америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) тиесілі.