ЖАРНАМА "Әділетсіз болады". "Каенло" - Бивол айқасына қатысты шешім шықты

31 наурыз 2022, 08:54

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) ұйым титулынан айырылмайды және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) айқасуына рұқсат етіледі. Бұл туралы "Чемпионат" сайтына сілтеме жасаған vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Жағдайды жіті қарастырғаннан кейін, Бивол мен Альварес WBA белбеуі үшін айқастарына санкция бермеу әділетсіз деп шештік. Олардың жекпе-жектеріне байкот жариялау "Канело" мен Бивол үшін әділетсіз жаза болады деп есептейміз", - делінген Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының хабарламасында.