Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) ісін Том Леффлермен қоса жүргізетін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясяның басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) айқасынын не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Канело" мен Головкинмен ендігі айқасы мүлде бөлек болады деп ойлаймын, өйткені екеуі де қарсыласын тоқтатуға тырысады.
"Канелоның" жалғыз қалауы - Головкинді нокаутқа түсіру. Ол ұпай санымен жеңгісі келмейді.
Ал Геннадийдің ойы: "Бұл жігітті тоқтатуым керек".
Бұл абсолют шайқас болады және тоғыз раунд ішінде аяқталды.
Олардың ойы мынадай: "Біз айқасуға шығамыз, таза соққы алмасуға", - дейді Хирн Fighthype арнасына берген сұхбатында.