Жартылай финалда жеңілген Бибосынов көзіне жас алды

06 сәуір 2022, 19:14

2021 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Сәкен Бибосынов Thailand Open тунирінің жартылай финалына өте алмады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

52 келі салмақтағы ширек финалдық айқаста ол күтпеген жерден тайландтық Танарат Саенфетке есе жіберді (27:30, 29:28, 28:29, 30:27, 28:29). Осылайша, Сәкен жарыс жүлдесінен қағылды.

 

 

Бүгін, 6 сәуірде рингке Серік Теміржанов та (57) шығады. Оның қарсыласы сингапурлік Мохамед Ханурдин Бин Хамид болады.

 

Ал кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (81) тайландтық Анават Тонгкатокпен кездесу өткізеді.