Бокс

Жеңілмеген қазақ боксшы 9 нокауты бар "Қасқырмен" жұдырықтасу үшін ауыр салмаққа көтерілді

  • © Eye Of The Tiger Managment

    © Eye Of The Tiger Managment

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) 21 ақпан Канаданың Римуси қаласында өтетін келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

26 жастағы қазақстандықтың қарсыласы "Қасқыр" лақап атты 35 жастағы аргентиналық Элио Герман Рафаэл (15-3, 9 КО) болады. Бір айта кететін жай бұл кездесу жартылай ауыр салмақта өтеді.

 

Кейінгі кездесуін Сабыров 30 маусым Канададның Тетфор Мине қаласында өткізіп, мажарстандық Ласло Тотаны (27-5-1, 19 КО) нокаутқа түсірген.

 

Осыдан кейін қазақстандық боксшы қыркүйекте Монреальда мексикалық Бруно Сандовалға (20-3-1, 16 КО) қарсы жекпе-жекке шығу керек еді, алайда, жарақат алып қалды.

 

Еске салайық, бұл шоудың басты жекпе-жегінде IBF ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен польшалық Роберт Таларек (24-13-3, 14 КО) шаршы алаңға шығады.

 




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31