Бокс

Жеңісінен соң журналист қызды сүйіп алған боксшы жаза арқалады (видео)

  • © CC0

    © CC0

Белгілі болгар боксшысы Кубрат Пулев Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы (CSAC) шешімімен жекпе-жектерден шеттетілді, деп хабарлайды Sky Sports.


"Калифорнияда тағы да рингке шығуға рұқсат алу үшін Пулев комиссия мүшелерін бұдан былай әдептен озбайтынына сендіруі тиіс", - деп мәлімдеді CSAC ұйымының қоғаммен байланыс директоры Вероника Хармс.


Ол атап өткендей, комиссия 37 жастағы боксшының әрекетін қатты сынға алыпты.


Айта кетсек, тілші Дженнифер Равало Пулевті сотқа беремін деп отыр. Румын боксшысы Богдан Динге қарсы жекпе-жекте айшықты жеңіске жеткен соң Пулев журналистке сұхбат беріп тұрып, күтпеген жерден ернінен сүйіп алған.



Динге қарсы кездесу болгар боксшысының АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі еді. Пулев оған дейін Германияда рингке шығып жүрді. Ол 27 рет жеңіске жетіп, бір-ақ рет қана ұтылған.


Sputnik


 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30