Жиі дауға ілігетін Кубрат Пулев кәсіпқойда кезекті жеңісіне жетті

15 мамыр 2022, 18:11

Аса ауыр салмақта әлем чемпионы атағына екі мәрте үміткер болған болгариялық боксшы Кубрат Пулев америкалық Джерри Форрестен үстем түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл айқас Инглвуд (Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ) қаласындағы бауыры Тервел Пулев пен ресейлік Сергей Ковалев арасындағы бокс кешінің андеркардында болды.

 

Пулев пен Форрест арасындағы айқас он раундқа жоспарланды. Он раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті болгариялық боксшыға берді.

 

 

Айта кетейік, Кубрат Пулев жиі-жиі басы дауға қалатын боксшы. Мысалы, ол осы кездесудің алдындағы баспасөз жиыны кезінде ринг-герлдің көкірегінен ұстап, біраз сын естіген еді.