Жүкембаев карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейін қайтадан АҚШ-та жұдырықтасады

22 тамыз 2023, 16:07

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, Батыр 20 қыркүйек АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

 

Бұл қазақстандық боксшы үшін Америкадағы екінші жекпе-жек. 2021 жылы АҚШ-тағы бірінші айқас Жүкембаев үшін карьерасындағы алғашқы жеңіліспен аяқталған еді.

 

Осыдан кейін Батыр Канада және Қазақстанда бір-бір жекпе-жектен өткізіп, екеуін де нокаутпен аяқтады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz