Бокс

Жүкембаев пен Сабыровтың Канададағы жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Кәсіпқой боксшылар Нұрзат Сабыров (8-0, 7КО) пен Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12КО) Канададағы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық нокаутшылар қатысатын бокс кеші 16 наурыз күні Монреаль қаласында өтеді. Оны тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы көрсетеді.


Сабыровтың қарсыласы аргентиналық Сезар Рейносо (15-11-4, 7КО). Екінші орта дивизионда өтетін жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. 25 жастағы Нұрзат «Eye of the Tiger Managament» канадалық промоутерлік компаниясының қамқорлығында. Ол 2018 жылдың 24 қарашасында өткен соңғы кездесуінде мексикалық боксшы Рокки Монтояны (32-3, 22 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.


Батыр Жүкембаев болса мексикалық боксшы Карлос Хименеске (14-9-1, 8КО) қарсы тұрады. Бұл, қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 15-інші жекпе-жегі. Соңғы кездесуін былтырғы жылдың 6 қазаны күні Квебекте өткізген еді. Ол Мексика өкілі Патрисио Лопес Мореноны (21-3, 15КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді. ⠀


«Хабар» арнасындағы трансляция 17 наурыз күні, Астана уақытымен сағат 08.00-де басталады.


 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.03.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30