Бокс

Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі белгіленді

  • © Baribar.kz

    © Baribar.kz

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт пен орны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


BoxRec ақпаратынша, 27 жастағы Жүкембаев рингке 17 мамырда Монреалдағы (Квебек провинциясы, Канада) Montreal Casino-да өтетін бокс кешінде оралады. Қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз.


Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 16 наурызда осы аренада өткізіп, мексикалық Хильберто Месуді төрешілер шешімімен ұтқан еді. Тоғыз раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының мансабындағы ең ұзақ кездесу болды.


Жүкембаев кәсіпқой бокста 2015 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетіп жүр, жекпе-жектерінің бәрін Канадада өткізген. Ол Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.


Қазір Батыр Жүкембаевқа америкалық промоутерлер қызығып жүр. Қазақстандықтың менеджері Анна Рева боксшының биыл америкалық нарыққа шығуды жоспарлап отырғанын айтты. 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30