Бокс

Каллум Смит "Канелоның" алаяқтық жасағанын мәлімдеді

  • Сурет: MatchroomBoxing

    Сурет: MatchroomBoxing

Екінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Каллум Смит (27-1, 19 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) жекпе-жек басында жарақаттанғанын, ал мексикалық оны байқай салысымен ауырған жерге салмақ түсіре бастағанын айтады. Британиялықтың сөзін AllBoxing.Ru басылымы беріп отыр.

 

"Әрине көңілім түсіп кетті. Бұл менің бірінші жеңілісім және мұны қабылдау ауыр. Бірінші раундтан кейін ол сол қолымнан ұра бастады. Әрине олай етуге құқылы еді. Ал төртінші раундтан кейін мен секунданттарға сол жақтан жасайтын ең мықты соққымнан айырылғанымды айттым. 

 

Бұл басынан ойластырылды ма білмеймін. Алайда ол не істеу керегін білді. Ал он екінші раундта ол менің ісіп кеткен қолыма қарап, күлді де: "не, ауыра ма?" деді. Ол мені ең мықты соққымнан айырғанын біліп тұрды. Жарақат алмағанымда жеңер ма едім? Олай емес шығар. Сол күні ол менен сәл жақсырақ болды.

 

Ол мені бірде-бір рет есеңгірете алмады. Тек денеден жақсы бір соққымен ғана күтіп алғаны бар. Мен басынан ұрдым, ал ол денеден. Содан басқасының бәрі шынтаққа ғана тиді.

 

Жекпе-жек соңында ол ауыр соққылар жасап, мені сұлатуға тырысты. Бірақ ол соққылардың бірін де сезбедім. Ол шынымен мықты және өте дәл екен. Алайда ол мені ешқалай есеңгірете алмады. Жекпе-жектен қолым үшін ғана бас тартар едім.

 

Білмеймін, рингке көптен шықпадым. Бұл барлығы үшін ұзақ жыл болды. Мен биік шыңда едім, қазір мені одан лақтырып жіберді. Енді ары қарай не істеу керегімді ойлауым қажет. Командаммен кеңесу керек", - дейді Смит.

 

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 2822    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31