Бокс

Қанат Ислам 27 нокауты бар әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

  • Қанат Ислам 27 нокауты бар әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

    Қанат Ислам 27 нокауты бар әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгияның (34-0, 27 КО) келесі жекпе-жегіндегі ықтимал қарсыластар тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы Мунгия рингке келесі жылы 11 қаңтарда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) оралады. Мексикалық боксшы титулын алтыншы рет қорғап қалуға тырысады. Қарсыласы әзірше белгісіз.

30 қарашада WBO рейтингінің бірінші нөмірі Карлос Адамес пен екінші нөмірі Патрик Тейшейра арасындағы кездесуде Мунгияның титулына міндетті үміткер анықталады. Бірақ бұл жекпе-жектің жеңімпазы қаңтарда чемпионға қарсы шыға алмайтыны анық.

Осыған байланысты Boxingnews24.com Мунгияға ықтимал қарсыластар тізімін жасады. Оған Қанат Исламнан бөлек Джефф Хорн, Уолтер Каутондоква, Лиам Уильямс, Имманувел Алим, кіші Уго Сентено, Энтони Фаулер, Брэндон Адамс бар.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін қазанда Алматыда өткізген. Қазақстандық боксшы намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта WBO International титулын қорғап қалған еді.




Көрілген: 1575    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 12:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31