Бокс

Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

  • Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

    Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

 Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақта рейтингін жаңартты,-деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың да орны өзгерген.

Нақтырақ айтсақ, Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) 13 сатыдан тоғызыншы орынға көтерілген. Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз соңғы кездесуін 26 шілде күні Минскіде (Беларусь) өткізіп, Нух Лавальяға (27-7, 15 КО) кездесуде WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулерін қорғап қалды. Кездесу барысында Ербосынұлы қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Нұрсұлтан Жаңабаев (8-1, 5 KO) күтпеген жерден Санди Мессаудтан (14-6, 1 КО) жеңіліп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian белбеулерінен айырылды. Бұл қазақстандық боксшының бірінші жеңілісі еді. Осылайша ол IBF рейтингінен шығып қалды.

Орта салмақтағы өзгерістер мынадай:

Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді;
Жәнібек Әлімханұлы 12 сатыдан, 11 сатыға көтерілді;
Анатолий Муратов 14 орыннан, 13 орынға көтерілді;
Қанат Ислам үзік 15 боксшының қатарына қосылып, 15 орынға жайғасты;
Сергей Деревянченко жетінші орыннан үздік 15 боксшынан қатарынан шығып қалды.

kaz.vesti.kz




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.08.2020, 18:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31