Қанат Ислам АҚШ-та қиын жағдайға тап болғанын айтты

21 ақпан 2022, 00:17

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 KO) өзінің АҚШ-қа көшуі туралы айтты.

 

Қыркүйек айында 38 жасқа толатын боксшы айналасында оның қызығушылығына мән бермейтін адамдар болғанын айтты, – деп жазады  Sports.kz.

 

«АҚШ-қа алғаш келгенде менде жақсы команда да, жақсы менеджер де болған жоқ. Басқа өмір, басқа жағдай болды. Кейбіреулер жақсы менеджерлер немесе жақсы промоутерлер табады, олар  [мансапта өсуге] көмектеседі. Бұл менің жоспарым емес, Құдайдың жоспары еді.

…Америка Құрама Штаттарына келген бірінші жылы  әлемдік атақ үшін күрескім келді. Мен мұны қалаймын. Мұны бәрі қалайды», – деді ол The Ring-ке.

 

 

 

aikyn.kz