Бокс

Қанат Ислам даулы жеңістен кейін келесі жекпе-жегін белгіледі

  • © massaget.kz

    © massaget.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) жаттығу лагерін желтоқсанда бастайды. Бұл туралы kaz.vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында WBO International белбеуі үшін өткен соңғы жекпе-жегінде Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Жекпе-жектен кейін Каутондоква төрешілер шешімімен келіспеді, ал оның менеджері Нестор Тобиас қазақстандық боксшыдан қарымта талап етті.

Айта кетейік, атақты амеркалық менеджер Эгис Климас Исламмен келісімін үзді. Ол қазақ боксшының ісін 2018 жылдың ақпанынан бастап жүргізген еді. Ал қазір Қанаттың істерімен Нельсон Лопес айналысатын болды.

Ал Климас қазіргі таңда Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО), Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен Александр Усиктің (17-0, 13 КО) ісін жүргізеді. Сонымен бірге, менеджер командасында Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО), Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) және Сағадат Рахманқұлов (5-1, 3 КО) сияқты қазақ боксшылар бар.

 




Көрілген: 1112    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 16:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30