Қанат Ислам Жәнібек Әлімханұлының жеңісіне қатысты пікір білдірді

23 мамыр 2022, 08:32

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) орта салмақта WBO "уақытша" чемпиондық белбеуін жеңіп алған Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, Лас-Вегас қаласында өткен боксшы кешінің басты айқасында отандасымыз ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленген еді.

 

Қанат Ислам да осы салмақта өнер көрсетеді.

 

"Қазақ. Менің бауырым", - деп жазды Ислам Instagram парақшасында.