Бокс

Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын қорғап қалды

  • Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын қорғап қалды

    Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын қорғап қалды

Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Қанат Ислам (27-0 21 КО) мен эквадорлық Джейсон Минданың (14-3-1, 8 КО) жекпе-жегі өтті. «Қазақ» қарсыла,сын екі рет нокдаунға түсіріп жеңді.

Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта аяқталды. Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық басымдық танытты. Төртінші раундта Қанат Ислам эквадорлықты бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд өткен сайын Қанат қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раунда Минданың кезекті нокдаунынан кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жерлесіміздің жеңісін тіркеді.
Бастапқыда Қанаттың қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы керек еді. Бірақ кейін қазақстандыққа қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды.

Қанат Ислам бір жылдан аса уақытқа созылған үзілістен кейін рингке оралып отыр. 2019 жылдың қазанында ол Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңіп, орта салмақтағы WBO International титулын қорғап қалған еді.

aikyn.kz




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30