Қанат Исламға әділетсіздік жасалғаны айтылды

03 наурыз 2022, 13:28

Қазақстандық Қанат Исламның (28-1, 22 KO) жеңілісі әділетсіз болды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри осындай пікір білдірді.

 

Қанат Исламға жекпе-жекке шығуға тыйым салынды

 

Қанат АҚШ-та өткен кейінгі жекпе-жегінде британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен есе жіберген еді.

 

"Қанаттың анық жеңілгенін көрмедім. Меніңше екеуі тең түсті. Екеуі де бірдей әрекет етті. Келли белсендірек болып, бірінші нөмірде жұмыс істеді. Өте тартысты және тең айқас, жеңісті кез келгеніне беруге болатындай. Бірақ мен тең түскендерін мойындау әділ болар еді деген ойдамын.

 

Қанаттың күш-қуатына келер болсақ, таң қалдым. Ол баяулап қалыпты, дегенмен, қалыпты деңгейде. Мүмкін мұнымен бәрі біткен жоқ, алайда, жылына бір-ақ айқас өткізсең жетістікке жету қиын", - дейді МакКаферри.

 

 

 

kaz.vesti.kz