Бокс

Қанат Исламның қарсыласы "Канеломен" жұдырықтасуды көздеп отыр

  • © RingSide24

    © RingSide24

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) отандасы Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шыққысы келеді. Бұл туралы оның промоутері Фернандо Белтран vRINGe.com порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

 

Промоутердің сөзінше, Мунгия "Канеломен" орта немесе екінші орта салмақта жұдырықтасуға дайын.

 

"Канелоны" құрметтеймін, оған тамсанамын. Жанкүйерімін. Дегенмен бүгінгі таңда менің боксшым мықтырақ деген ойдамын. Мунгия алдынан шыққан кедергілердің бәрінен өте алды. Кеісімшарт қолымызға ертең тисе, ертең-ақ "Канеломен" жекпе-жек өткіземіз. Басымдық бізде емес екенін түсінеміз. Бірақ бокс тек пайым емес, мұнда мүмкіндіктер де бар.

 

Мунгия ортадан суперорта салмаққа дейінгі кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын. Кіммен болса да айқасады. Ал "Канелоны" бағыттайтын өз командасы бар. Ол өз болашағын өзі шешеді", - дейді Бельтран.

 

Айта кетейік, Мунгияның ісін Бельтранмен бірге Golden Boy промоутерлік компаниясы жүргізеді, дәл осы компанияның басты жұлдызы Сауль Альварес. Екі боксшының да жекпе-жектерін DAZN трансляциялайды.

 

Мұың алдында Мунгияның келесі қарсыласы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) болатыны хабарланған еді.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31