Бокс

Қанды айқас: Олимпиада жүлдегерімен жекпе жектен кейін қазақ боксшы мәлімдеме жасады

  • Сурет: RCC Boxing Promotions©

    Сурет: RCC Boxing Promotions©

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залилов (11-3-1, 5 КО) кәсіпқойдағы 15-ші жекпе-жектен кейін өз ойымен бөлісті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Екатеринбургте өткен бокс кешінде 27 жастағы Залилов 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері 30 жастағы ресейлік боксшы Владимир Никитинмен (4-1) жұдырықтасты. Сегіз раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті ешкімге бере алмады.

 

"Қолдау үшін үлкен алғыс! Бұл мен үшін өте маңызды! Бұл қиын жекпе-жек болды, бірақ, мен бұдан үлкен тәжірибе алып шықтым! Ары қарай не боларын білмеймін, өйткені бұл турнир. Не болса да, ары қарайғы шешім маған байланысты емес, мен өз жұмысымды атқардым.

Бапкер Андрей Напольскихке айқасқа керемет дайындық үшін бөлек алғыс айтамын! Менің рингтегі жұмысым соның жемісі! Әлі тер төгу керек дүниелер бар. Командаға және ұйымдастырушыларға рахмет.

Көбі менен мұндайды күтпегенін білемін, бірақ, бұл басы ғана. Мен енді үдей түсемін. 2,5 жылдағы менің бірінші лайықты дайындығым. Атқа қайта қонғаныма қуаныштымын! Сындарға дайынмын! Осы сегіздіктегі кез келген қарсыласқа дайынмын! Зымыран ұшуға дайын", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

 

 

 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 15:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30