Бокс

«Канело» WBO-ның чемпиондық титулынан бас тартты

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан бас тартуының мән-жайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» өткен айда Сергей Ковалевтен тартып алған WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулын босатты.

WBO-ның түсіндіруінше, ол суперчемпионға берілетін артықшылықтарды сақтап қалады, яғни «Канело» іле-шала WBO-ның кез келген өзге чемпионына міндетті қарсылас атануы мүмкін», - деп мәлім етті инсайдер Майкл Бенсон.

Еске салсақ, мексикалық боксшы ресейлік Сергей Ковалевпен өткізген жекпе-жекте оны 11-інші раундта нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы белдігіне ие болған еді.

Сондай-ақ Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя оның чемпиондық атақтан бас тартуына қатысты пікір білдірді.

«Біз «Канелоның» және WBO-ның қабылдаған шешімін толығымен қолдаймыз. «Канело» әлем чемпионы болу үшін Сергей Ковалевке әсерлі тойтарыс берген болатын. Онымен қоса, ол орташа ауыр салмақта айтарлықтай қауіпті екенін көрсетті. Сондай-ақ ол фанаттарға қызықты айқастар көрсету үшін дивизиондарды ауыстыра алатынын байқатты», - деп келтіреді промоутердің сөзін Badlefthook.com порталы.

 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.12.2019, 09:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31