Бокс

"Канело" бірден Головкинмен жұдырықтасу үшін DAZN 40 миллион беруге дайын

  • Сурет: boxingscene.com

    Сурет: boxingscene.com

DAZN стимингтік компаниясының басшылары түркиялық боксшы Авни Йылдырымды (21-2, 12 КО) мексикалық кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы Сауль "Канело" Альварестің (35-1-2, 36 КО) қарсыласы етіп бекітуге қарсы, деп хабарлайды Boxingscene.com.

 

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл кездесу 12 қыркүйекте өтуі мүмкін емес. Мексикалық боксшының промоутерлері DAZN компаниясының басшыларымен әлі де келіссөз өткізулері керек. Бұл келіссөзде қарсыласты анықтап, кездесудің уақыты мен сыйақысын бекіту қажеті. Басты мәселе қаржыда болып тұр. Альварес америкалық Дэниель Джейкобс пен ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізген кездесу үшін шамамен 40 миллиондай сыйақы алған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты DAZN мексикалық боксшының сыйақысын қысқартуды көздеп отыр.

 

DAZN Group басшысы Джон Скиппер "Канелоға" 40 миллион сыйақы беруге дайын. Бірақ, ол үшін мексикалық боксшының қарсыласы мықты болуы керек. Қазір екі тарап Альверес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыруды қарастырып жатыр.

 

Компания 40 миллион доллар көлеміндегі сыйақыны Саульге екінші орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері британдық Каллум Смитке қарсы кездесу үшін де беруге дайын емес. Бірақ компания басшылары бұл боксшының кандидатурасын мақұлдаған еді.

 

Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) мәліметі бойынша, DAZN басшылары "Канеломен" қарым-қатынасын бұзғысы келмеген. Тіпті Альвареске Йылдырымды қарсылас етіп таңдауға да рұқсат берген. Бірақ ол үшін мексикалық боксшы сыйақысын 50 пайызға қысқартуға рұқсат етуі керек.

 

Айта кетейік, Альварестің келесі кездесуі 12 қыркүйек күні өтуі мүмкін. Оның командасы DAZN компаниясымен болып жатқан проблеммаларға қарамастан бұл күнге белгіленген кездесу кейінге шегерілетіні туралы ешқандай ақпарат таратпады.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31