Бокс

"Канело" бүкіл әлем боксшыларын тізе бүктірмек

  • https://comments.ua/

    https://comments.ua/

Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізуі мүмкін. Месикалық боксшы орта салмақта WBA титулы бар жергілікті Риото Муратмен (16-2, 13 КО) жұдырықтасуы ықтимал. Бұл туралы Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес мәлімдеді.

 

"Альварес АҚШ аумағынан тыс жерде де жекпе-жек өткізгісі келеді. Біз онымен Жапнояда кездесу өткізу, Мексиканы қайта дүркірету мен Британияға сапар мүмкіндігін талқыладық. Ол барлық вариантты қарастырып жатыр. Карьерасын аяқтағанға дейін осы елдердің бәрінде өнер көрсеткісі келеді. Мәселе брендте. Ол халықаралық танымалдығын арттырғысы келеді. Ол үшін Америкада ғана жұдырықтаса бермеу керек", - дейді Гомес Sky Sports тілшісіне.

 

"Канелоның" рингке оралуы қыркүйекке белгіленген. Бұған дейін оның келесі қарсыласы екінші орта дивизионда WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) болатыны айтылған. Ал желтоқсанда Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 1016    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 18:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31