"Канело" - Головкин айқасында кім жеңетіні айтылды

25 мамыр 2022, 13:41

"Ваших бьют!" телеграм арнасы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші айқасқа қатысты болжам жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"GGG-де бұл айқаста қандайда бір мүмкіндігі бар деп айта алмаймын, Альварес мүлде топас болып қалмаса. Басқаша ойласаңыз, Головкин - Мурата жекпе-жегін көрмегенсіз, көрсеңіз де ештеңе байқамағансыз.

 

Кейде адамның жасы тек сан ғана. Бернард Хопкинс 50 жасына дейін жұдырықтасты, ол тамақтануын, физикалық дайындығын өзгертіп, салмақ ауыстырды, стилін икемдеді - рингте күш сарқымай, әккіленіп алды. Қарсыластың осал тұсын тауып, қиратып отырды.

 

GGG - соғыс құдайы, мексикалықтардың бәрі Головкинді жақтайды, Гена карьреасында бірде-бір жеңілмеді дейтіндер көп. Бұл зиянды адасу. Бірінші кезекте Головкинге зиянды.

 

Қыркүйекте Альвареспен үшінші айқас, кім біледі сөзімді қайтып алуым керек болатын да шығар", - деп жазады дереккөз.