"Канело" Головкинмен айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

25 мамыр 2022, 09:11

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның алдында Головкин трилогия туралы ресми хабарлаған еді.

 

"Сіздерге ең тамаша жекпе-жектер ұсынатыныма қуаныштымын, бұл да сондай айқас. Бастаған дүниемізді аяғына жеткізетін және титулдарды қорғайтын уақыт келді. #CaneloGGG3 17 қыркүйек, ???? өтетін орын нақтылануда", - деп жазыпты мексикалық.