Бокс

"Канело" Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

  • © boxingscene.com

    © boxingscene.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізуі мүмкін. Бұл туралы LA Times газетіне берген сұхбатында мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтып берді.


Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында "Канело" төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, одан IBF белбеуін тартып алды.


Бұл жекпе-жекті Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де тамашалады.


Алайда жекпе-жектен кейін Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкиннің атын да атамады. Ал оның бапкері боксшы рингке қыркүйекте, Мексиканың тәуелсіздік күні рингке оралып, қайтадан T-Mobile аренасында жұдырықтасады деген ойда. Рейносо қарсылас Головкин бола ма деген сұраққа "жоқ" деп жауап берді.


"Менің мақсатым - титулдар үшін жұдырықтасу", - деп қостады бапкерінің сөзін Альварес. Абсолют атану үшін соңғы WBO белбеуі Деметриус Андрадеде екенін атап өткен мексикалық, онымен қыркүйек ортасынада жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.


kaz.vesti.kz 




Көрілген: 1318    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30