"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізетінін айтты

23 мамыр 2022, 23:00

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесетінін хабарлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Алдағы бірнеше күнде біз қыркүйек айындағы жекпе-жек туралы ресми хабарлаймыз. Әрине, ол айқас GGG-ға қарсы болады. Содан кейін мен Биволмен кездесемін", - деп келтіреді Альварестің сөзін ESPN KnockOut басылымы.

 

 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 17 қыркүйекте өтуі мүмкін.

 

Айқастың қайда өтетіні нақты белгісіз. Бірақ Лас-Вегаста болуы әбден мүмкін.