"Канело" Головкинмен үшінші кездесуге не үшін келісім бергенін айтты

05 наурыз 2022, 12:03

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес  (57-1-2, 39 КО орта салмақта IBF және IBO белбеуінің иегері Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші рет кездесу өткізуге не үшін келісім бергенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бізде келісімшарт бар. Оның үстіне менің Головкинге қарсы кездесуімді көп жанкүйер көргісі келеді. Неге ұйымдастырмасқа?

Головкинде менің қалып кеткен ақым бар. Ол мен туралы көп жағымсыз нәрсе айтты. Енді мен оның сазайын беру керекпін. Бірақ бәрі рет-ретімен болсын. Алдымен мен 7 мамыр күні жеңіске жетіп алайын", - деді Альварес FightHype жобасының YouTube арнасына берген сұқбатында.

 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы айқас 17 қыркүйек өтуі мүмкін деген ақпарат бар.

 

Еске салайық, оған дейін Головкин 9 сәуір күні Жапонияда WBA Super белбеуінің иегері Риото Муратамен, ал Альварес 7 мамыр күні ресейлік Дмитрий Биволмен кездесу өткізеді.