Бокс

"Канело" Головкинмен үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты

  • Официальный постер боя Головкин -

    Официальный постер боя Головкин - "Канело".

Мексикадылық боксшы Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) алдағы мақсатты туралы айтып берді. Ол алдағы уақытта екінші орта салмаққа көтеріліп, алдағы 12 айда бес кездесу өткізіп, барлық белбеуді жеңіп алуға ниетті екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

"Канелоның" алдағы жоспарына орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу ойда жоқ екен. "Қазір менің мақсатым басқан. Онымен (Головкинмен) кездесу ойда жоқ. Биыл онымен жұдырықтаспайтыным анық", - деді мексикалық боксшы ESPN арнасына берген сұқбатында.

 

Айта кетейік, екінші орта салмақта WBC және WBA Super белбеулерінің иегері ақпан айында өзінің міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йилдырымға (21-2, 12 КО) қарсы кездесу өткізеді. Сосын ол мамыр айында осы салмақта WBO иегері британдық Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар мексикалық боксшының жоспарында IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізу де бар.

 

"Менің басты мақсатым - екінші орта салмақта барлық белбеуді жеңіп алу. Келесі қарсыластарымның барлығы чемпион. Мен соларды жеңуге ниеттімін", - деді "Канело".

 

Сауль Альварестің айтуынша, ол 2021 жылы төрт кездесу өткізеді екен. Тіпті кездесулердің қашан өтетіні де белгілі. Ол ақпан, мамыр, қыркүйек және желтоқсан айларында шаршы алаңға шығады.

 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетті.

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 18:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30