Бокс

"Канело" Головкиннен қашып жүр ме? Эдди Хирн жауап берді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Mathroom Boxing  промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесу туралы жаңалықтарымен бөлісті.

 

"Канелоның" басты мақсаты - екінші орта салмақтағы барлық белбеуді жеңіп алып, әлемнің абсолютті чемпионы атану. Ол Головкиннен қашып жүр деп ойламаймын. Кез-келген қарсыласпен шығуға дайын екенін айтты. Бірақ дәл қазір ол 168 фунтта жұдырықтасқысы келеді. Менің Головкиннің командасындағы жұмысым бір бөлек, "Канелоның" командасындағы жұмысым бір бөлек. Головкиннің командасында мен жекпе-жектің өтетін жерін анықтап, андеркартында шығатын боксшылармен жұмыс істеймін. GGG-мен қарым-қатынасымыз жақсы. Дегенмен мен оның жеке жоспарларына араласпаймын. Әрине, мен онымен тығыз жұмыс істегім келеді. Бірақ Головкиннің жеке шаруларымен айналысатын адамдар бар. Мен оларды құрметтеймін.

 

Мен Головкин мен "Канело" үшінші рет кездеседі деп ойлаймын. Сондай-ақ мен Головкин әлі бабында деп есептеймін. Маған Мунгия да, Мурата да, Крис Юбенк те ұнайды. Геннадий әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан ол келесі кездесуінде кіммен өткізетінін өзі таңдайды. Оның алдағы жоспарында "Канеломен" кездесу өткізу жоқ шығар. Бір білетінім мамыр айында қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен кездеспейді", - деді Хирн.

 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылдың қыркүйегінде өткен кездесу тең аяқталса, бір жылдан кейінгі жекпе-жекте мексикалық боксшының мерейі үстем болды.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 15:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31