Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Канело" жекпе-жек туралы ресми хабардан кейін мәлімдеме жасады

18 қараша 2020, 14:40

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) алдағы жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

 

"Әбден дайынбыз, ешқашан бұлай дайын болмағанбыз. 19 желтоқсанда Каллум Смитпен рингке ораламын. Ұзақ күттік, бірақ, бұл соған тұрарлық боларына сөз беремін", - деп жазды ол Instagram желісінде.

 

Кездесу промоутер Эдди Хирннің (Matchroom Boxing) DAZN платформасындағы шоуының аясында өтеді. Жекпе-жекте WBA Super және The Ring белбеулері сарапқа салынады.

 

Боксшылар рингке кейінгі рет былтыр шыққан. Альварес ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жартылай ауыр салмақта WBO титулын жеңіп алды. Ал Смит отандасы Джон Райдерді төрешілер шешімімен жеңген еді.

 

Айта кетейік, бұл "Канелоның" Golden Boy Promotions компаниясының араласуынсыз өткізетін алғашқы жекпе-жегі.

 

kaz.vesti.kz