"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

21 тамыз 2023, 19:17

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Саул "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) 30 қыркүйекте рингке оралады. 33 жастағы мексикалық Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде өзімен түйдей құрдас америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жекпе-жеке шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Чарло бірінші орта дивизионда абсолют чемпион екенін айта кетейік. Осылайша, бокс тарихында алғаш рет екі абсолют чемпион айқасқа түседі.

 

Жекпе-жек алдында Альварес карьерасын аяқтауға қатысты сұраққа жауап берді.

 

"Меніңше, әлі 4 жылдай уақыт бар. Ары кетсе 5 жыл. Кәсіпқойда 15 жасымнан жүргенімді ұмытпаңыздар. Содан бері бақандай 18 жыл уақыт өткен. Карьераны 36-37 жаста аяқтау керегін үнемі айтып келемін. Сол уақытқа дейін боксқа әбден тоямын деген ойдамын. Бұл шынында көп уақыт", - деп береді Альварестің сөзін vRINGe.com.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz