"Канело" кесірінен Головкиннен чемпиондық белбеуді алып қояды

22 сәуір 2022, 12:29

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші орта салмақта жұдырықтасатын болса орта дивизиондағы IBF титулынан айырылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Менеджер әрі комментатор Бен Дэймон өзінің Twitter желісінде оқиға қалай өрбитінін суреттеп берді. 

"Канело" Альварес Головкин жайлы қандай ойда екенін ашық айтты

"Канеломен" жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады. Ал бос қалған титул үшін 1 (Фалькао) мен 2 (Зерафа) айқасады", - деп жазыпты Дэймон.

 
IBF ұйымының ережелері қатаң: Головкин салмақ ауыстырса, жаңа дивизионда топ-5 тізімге кіреді, алайда, белбеуді алып қояды.