Бокс

"Канело" командасы Сондерске соқыр тиын ғана ұсынған

  • © AllFight.Ru

    © AllFight.Ru

Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) рингке қыркүйекте оралады. Болжам бойынша, ол Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады.

 

Мексикалық боксшының қарсыласы екінші орта салмақта WBO титулына ие британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) еді. Боксшылар мамырда жұдырықтасу керек болған, алайда, пандемия салдарынан жекпе-жек кейінге шегерілді.

 

Қазір бокс кеші көрерменсіз өтетіндіктен жекпе-жектің жүлде қоры азайған. Осы себепті Альварес британиялықпен кездесу өткізбеуі де мүмкін. Өйткені Golden Boy Promotions өздерінің супержұлдызы "Канеломен" ақша жөнінен қайшылыққа келмес үшін қаражатты қарсылас есебінен үнемдемек.

 

Ендігіде Сондерс те Альвареспен жекпе-жекке шығу мүмкіндігінен айырылғалы тұрғанын түсініп отыр.

 

"Промоутерім Эдди Хирн бар күшін салуда. Альвареспен жекпе-жек өткенін қатты қалайыз. Бірақ сіздермен ашық болайын. Не боларын білмеймін, міне солай. Демек "Канеломен" рингке шығармын, бірақ, қыркүйекте емес. Менің шаруам жұдырықтасып, жеңіске жету. Сондықтан жекпе-жек өтпей қалса, оған басымды ауыртпаймын. Ақша үшін де. Отбасым аш емес.

Қанша ақша ойнатылатыны бәрібір емес пе? 100 миллион, 200 миллион доллар немесе соқыр тиын? Шындық кімнің жағында екені маңызды. Сондықтан маған қысым жасаудың қажеті жоқ. Бәрібір түк шықпайды. Олай келісе қоймаспын. Өзіме және карьерама қолайлыны жасаймын. Боксқа "Канелоның" шашбауын көтеруге келгенім жоқ. Сондықтан ұсыныс не орынды болу қажет немесе ештеңе шықпайды. Үшінші жол жоқ. Онда да қорқынышты ештеңе жоқ. Одан ақырзаман тумайды ғой", - дейді Сондерс.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 09:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31