Бокс

"Канело" мен DAZN арасында жанжал туды

  • Сурет: CBS Sports

    Сурет: CBS Sports

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) пен оның ісін жүргізетін Golden Boy промоутерлік компаниясы DAZN стриминг қызметімен келісімге келе алмай отыр, - деп хабарлайды vRINGe.com порталы инсайдер Майк Коппинджерге сілтеме жасап.

 

Алауыздықтың себебі қаржылық келісім болып отыр - Альвареске уәде етілген соманың жартысы ғана берілетін болыпты.

 

"Канело" мен DAZN арасындағы келісімшарт бойынша, мексикалық боксшы бір жекпе-жек үшін кемі 35 миллион доллар алу керек екен. Алайда платформа басшылығы бұл уәдесінен тайып отыр. Егер тараптар бір келісімге келмесе, Альварес биыл рингке шықпайтын көрінеді.

 

DAZN мұндай қадамға барып отырғаны пандемия және қаржылай қиындық есебінен емес. Келісім бойынша Golden Boy жыл сайын "Канелоның" қатысуымен үлкен бокс кешін дүркіретіп өткізуі міндет. Сондықтан DAZN басшылығы промоутерлік компания биылға уәдесін орындаған жоқ деп есептейді.

 

Мұның алдында DAZN "Канело" мен түркиялық Авни Йылдырым арасындағы жекпе-жекке тыйым салған еді. Стриминг қызметі қазіргі таңда Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін ғана 40 миллион беруге дайын.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 15:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31