"Канело" мен Бивол жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

09 наурыз 2022, 19:24

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, Киев қаласының мэрі Виталий Кличко АҚШ билігіне ресейлік боксшы Дмитрий Биволды Америка жеріне кіргізбеуін сұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл жекелеген спортшыға қатысты шара емес. Барша ресейлік атлеттерге қарсы қысым көрсетілуі тиіс. Биволға АҚШ жерінде жекпе-жек өткізуге тыйым салу керек. Бүкіл әлем елдері Ресейге қарсы жан-жақты қысым көрсетілгені Укриана үшін маңызды", - деді боксшы Marca басылымына берген сұхбатында.

 

Бивол мен Альварес кездесуі 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.