"Канело" мен Головкиннің трилогиядан кейін допинг тестінің нәтижесі шықты

02 қазан 2022, 11:04

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқастан кейін тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар допингке қарсы VADA  ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының "таза бокс" бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған.

 

"Канело" Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткендігімен құттықтаймыз", - деп жазыпты допингке қарсы ұйым Twitter желісінде.