Бокс

"Канело" мен Ковалевтің жекпе-жек өткізетін күні анықталды

  • © ringtv.com

    © ringtv.com

Орта және екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің (33-3-1, 28 KO) жекпе-жегі болуы ықтимал күндер аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Golden Boy промоутерлік компаниясының және DAZN стриминг платформасының басшылығы Альварес пен Ковалев арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру әрекетін тоқтатпады, - деп мәлімдеді "Чемпионат.сом" BoxingScene-ге сілтеме жасап.

Бірқатар дереккөздерге сілтеме жасай отырып, басылым бұл жекпе-жек 2019 жылы 19 немесе 26 қазанда өтуі мүмкін деп мәлімдеді. Екі тарап жақын арада жекпе-жекті өткізуге уағдаласса, онда Ковалев Челябинскіде болатын міндетті үміткері Энтони Ярдпен кездесуін кейінге қалдырады. Ұлыбританиялықтың командасында мұндайға алдын ала келісім берілді.

Ал Альвареске келетін болсақ, Ковалевпен келіссөздер сәтсіз өтсе, ол 19 немесе 26 қазанда IBF белбеуіне ресми үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездеседі. Сонымен қатар, DAZN "Канелоның" Ковалевпен немесе қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегін міндетті түрде көргісі келеді, сондықтан Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығамын деп кепілдік берсе ғана ол Деревянченкомен жұдырықтаса алады.


Сонымен қатар, Альварес келесі жекпе-жегін Ковалевке қарсы өткізсе, онда IBF мексикалықты титулынан айырады, себебі ол міндетті жекпе-жектен бас тартып отыр.


 




Көрілген: 1570    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 16:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31