"Канелоға" жаңа қарсылас табылды

17 маусым 2022, 19:30

Танымал промоутер Боб Арум мекскиалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Генадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) болатын үшінші кездесуінен кейін қарсыласы кім болатынын болжады. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

"Меніңше, Альварес осы супер орта салмақта қалады. Бұл салмақта оған қызық болатын қарсыластар баршылық. Керемет қарсыластың бірі Давид Бенавидес бар. Сондықтан "Канело" орта салмаққа оралмайтын сияқты. Қателесуім де мүмкін. Шешімді өздері қабылдайды ғой... Мен "Канеломен" жолдастық қарым-қатынастамын. Біз ара-тұра әңгімелесіп тұрамыз. Мен оларға: "Менің жартылай орта салмақтағы Бетербиевім мен Смитімнің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын күтіңдер!" деп әзілдеймін. Екеуі де "Канелоға" жақсы қарсылас болатын еді. Бірақ барлығы болашақтың еншісінде" - дейді промоутер.

 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде үшінші рет кездеседі.