Бокс

"Канелоны" мен жеңем". Головкиннің қыркүйектегі жекпе-жегіне бәсекелес боксшы мәлімдеме жасады

  • Каллум Смит. Сурет:boxingnewsonline.net

    Каллум Смит. Сурет:boxingnewsonline.net

Екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS) бірінші маусымының жеңімпазы Каллум Смит (25-0, 18 КО) ұйымның "регуляр" белбеуіне ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек өткізуді шындап қолға алмақ. Боксшының сөзін BoxingScene.com порталы келтіріп отыр.


1 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Смит чемпиондығын қорғап, франция-камерундық боксшы Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (37-3, 21 КО) жекпе-жек өткізеді. Британиялықтың сөзінше, ол бұл кездесуде өзін тамаша көрсетіп, "Канеломен" жұдырықтасу мүмкіндігін алмақ.


"Альварес менің атымды атады, бұған дұрыс жауап беруім керек. Адамдар жұдырықтасқанымызды көргісі келеді. "Канелоны" жеңетін боксшы мен болармын. Алдағы демалыста өзімнің мықтылығымды көрсетпесем, бұл үмітім жоғалады. Madison Square Garden - өзгеше орын. Бұл аренада титулымды алғаш рет қорғаймын. Бұл тарихи ғимарат.


Гроувзбен жекпе-жекте де мені жеңіледі деген. Оған қарсылас бола алмайтынымды айтқан. Үлкен қысым көрдім. Бірақ ол кезден бері көп дүние өзгерді, қазір адамдар маған үміт артады. Маған бұндайға әлі де үйрену керек. Айналамда үнемі шу. Гроувзды жеңуім жақсы жақтарымды ашқан сияқты. Қазір мен басқа боксшымын", - дейді Смит.


Смиттан бөлек қыркүекте "Канеломен" қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де жұдырықтасқысы келеді. Сонымен қоса, екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Эррол Спенс те (25-0, 21 KO) қызығушылық білдірді.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 18:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30