Бокс

Канелоны "ұйықтатуға" уәде еткен бұрынғы әлем чемпионы рингке оралады

  • © betunion24.ru

    © betunion24.ru

Екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Рокки Филдинг (27-2-0, 15 KO) рингке 15 қараша Ливерпульдегі Liverpool's Olympia аренасында шығады, - деп хабарлайды fightnews.info.


Жекпе-жек форматы мен қарсылас әзірге белгісіз.


"Рингке шығатын сәтті асыға күтемін. Желтоқсаннан бері шықпадым, жұдырықтасуға асықпын. Командам чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырып береріне сенімдімін, өйткені MTK Global-мен келісімшарт жасасқалы олар барлық мүмкіндікті пайдалануда.


Ұлыбритания және әлем чемпионы болғанда барлық арманым орындалған. Енді 15 қарашада жеңу қажет, аты әлемге шыққандар және чемпиондар қорғау өткізгісі келсе, телефонмен қоңырау шалатындай. Мені мұнда алып келген ақылды және жинақы боксты қайтарғым келеді", - дейді Филдинг.


Еске салайық, британиялық боксшы былтыр желтоқсанда Сауль Альварестен (52-1-2, 35 KO) жеңіліп, WBA белбеуінен айырылғалы шыққан жоқ. Жекпе-жек алдында Филдинг "Канелоны" дәл соққымен "ұйқыға" жіберуге уәде еткен еді.


Ал тамызда ол GGG промоутері Том Леффлерден ұсыныс келгенін айтқан. Алайда Филдинг өзіне одан жақсы ұсыныс қажетін айтып бас тартқан.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30