"Канелоның" экс промоутері бокс тарихындағы ең мықты айқасты атады

06 маусым 2022, 18:51

Промоутер Оскар де ла Хойя жеңіл салмақта абсолют чемпион Дэвин Хэйни мен жеңілмеген Джервонта Дэвис айқасы тарихтағы ең мықты жекпе-жек болады деген ойда. Бұл туралы vesti.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап жазды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Қазір ойлай алатын бірақ дүние бар, Хэйни мен Дэвис арасындағы айқас бокс тарихындағы ең мықты жекпе-жек болатыны туралы", - дейді Де Ла Хойя.

 

Еске салайық, өткен демалыста аустралиялық Джордж Камбосос пен Дэвин Хэйни арасындағы жекпе-жек америкалықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Хэйни жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды.