"Канелоның" жеңілуі Головкинмен айқасқа оң әсер берді

16 мамыр 2022, 18:59

Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілуі Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогияға пайдасын тигізді. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Мұндай пікірді промоутер Эдди Хирн iFL TV арнасына берген сұхбатында айтты.

 

"Бұл әлі де мықты айқас, "Канело" - Головкин трилогиясын айтамын. Енді адамдардың Головкинмен жекпе-жекке қызығушылығы артуда, өйткені Геннадийде жеңіске жетуге мүмкіндік бар деп есептейді. Бұған дейін: "ол 39-да, ол 40 жаста, жеңе алмайды" деген сөздер көп болған. Ал енді ой өзгерді: "Иә, Головкинде мүмкіндік бар сияқты" деген сөздер айтылуда. Сондықтан бұл айқас та, Биволмен қарымта сияқты үлкен жекпе-жек", - деп есептейді Хирн.