Бокс

"Канелоның" промоутері Головкинді Джейкобспен ұтымды келісім үшін пайдаланған

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасында үшінші жекпе-жек міндетті түрде болатынын мәлімдеді.


Оның сөзінше, бұл жолы төрешілер шешімімне дейін жетпейді, мексикалық нокаутпен жеңеді. Головкин мен Альварес 2017 және 2018 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталып, дауға ілікті. Ал қарымта кездесуде мексикалық төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл жеңіліс қазақстандықтың карьерасындағы алғашқы болды.


4 мамырда "Канело" орта салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады, мексикалық осындан кейін трилогияға дайындала бастамақ екен.


"Канело" мен Джейкобс арасында жекпе-жек қалай ұйымдастырсам деген сұрақ қойдым. Осылайша, твиттерде GGG-мен трилогия бойынша келіссөздер басталғанын құлағдандырдым. Ал келесі күні Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомеске қоңырау шалып, Джейкобспен жекпе-жек ұсынды. Жоспарым іске асты, енді бізде соңғы жылдарда болған орта салмақтағы ең мықты жекпе-жектің бірі бар", - деп мәлімдеді Де Ла Хойя, промоутердің сөзін BoxingScene.com келтіріп отыр.  


vesti.kz




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.01.2019, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30