Бокс

"Канелоның" промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу жайлы

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес LA Times басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль"Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Айта кетейік, боксшылар осыған дейін екі рет кездескен болатын - Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да.


Биыл 4 мамырда "Канело" дәл осы аренада IBF чемпионы америкалық Даниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Мексикалық осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, қыркүйекте Головкинмен үшінші кездесу өткізеді деп болжанып отыр.




"Барлығы Альварестің қолында. Альварес қалай шешеді, солай болады", - деді Гомес сұхбатында.


Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - канадалық Стив Роллс. 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 17:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31