Бокс

Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады (видео)

  • Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады (видео)

    Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады (видео)

 Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді қолдап бейне ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Шұбаркөл көмір" АҚ "Орталық" және "Батыс" разрезінде жұмыс істейтін кеншілер танымал жерлестеріне - кәсіпқой бокста чемпион болған Геннадий Головкинге Стив Ролсқа қарсы өткізетін жекпе-жегінде жеңіс тіледі. Сенің соққыларың мың жүз мың текше метр таулы массаның жарылысындай жойқын болсын!" - делінген видеоның сипаттамасында. Қысқа ғана ролик ERG Kazakhstan YouTube-каналында жарияланған. Осылайша, жұмысшылар ерекше флешмоб бастады. Олар қазақстандықтарға Головкинді қолдау видеосын түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу кезінде мына хэштегтерді қолдануды ұсынады:#GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе.



Идея авторларының айтуынша, бейне жасауға 300 жұмысшы қатысты. Түсірілім кәсіпорынның өндірістік алаңында өтті. Арнайы ролик үшін кеншілер жарылыс ұйымдастыруды шешті. Оның аумағы - 900 шаршы метрү "12 тонна жарылғыш зат пайдаланылды, ал жарылған тау - кен массасының көлемі 97 мың текше метр болды", - деді кәсіпорын өкілдері. Кеншілер 8 маусымда өтетін кездесуді асыға күтетінін және жерлестерінің жеңісіне сенетінін атап өтті. GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 22:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30