Бокс

"Қаржылық тұрғыда жөнсіз". "Канелоның" промоутері Головкинмен жекпе-жек туралы

  • Сурет: Тұрар Қазанғапов

    Сурет: Тұрар Қазанғапов

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes телеарнасына берген сұхбатында төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жағдайды айтып берді. Промоутердің сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр.

 

"Бес-алты қарсылас бар, ешқайсын есептен шығарып отырған жоқпыз, өйткені бәрі шамалас деңгейде. кіммен жұдырықтасқысы келерін Сауль өзі шешеді. Әзірге нақты ұсыныс жоқ, тек ықтимал қарсылас қарастырып отырмыз, сондықтан бұл бойынша алып-қашпа әңгімелерге негіз жоқ. Шегаралар жабық, сондықтан адамдар бұрынғыдай жол жүре алмайды. Бұл біз ескеріп отырған тағы бір аспект".

 

Гомеске аталған тізімде орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 36 КО) бар ма деген сұрақ қойылды.

 

"Жоқ, Головкинсіз жасалған тізім. Мұндай жекпе-жекті көрерменсіз өткізу қаржылық тұрғыда жөнсіз болады. "Канело" мен Головкин арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек Вегаста өте көп көрермен жинай алды. Екеуі де тағы бір жекпе-жекке дайын, бірақ, ол 2021 жылы өтеді", - дейді Гомес.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31