Қарсыласын қуып жүріп сабаған қазақстандық боксшы жеңіліп қалды

03 мамыр 2023, 18:00

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Отандасымыз бұл кездесуде иорданиялық Мұхамед Абу-Джаджехтті қуып жүріп сабаса да, төрешілер жекпе-жек соңында басқаша шешім қабылдады.

Алғашқы раунд төрешіден ескерту қағазын алған иорданиялық боксшының пайдасына жазылды. Есеп – 4:1.  Екінші раундта дәл осы есеп айырмасымен біздің боксшы жеңіске жетті. Шешуші раундта төрешілер шабуылға жиі шығып, бірінші нөмірмен жұдырықтасқан, көп соққы бағыттаған Талғат Сырымбетовті құшақтасудан қолы босамаған Мұхамед Абу-Джаджехке жығып берді.

Осылайша Талғат жарысты екінші айналымнан аяқтады.