Бокс

Кәсіпқой бокс: Бобыржан Момыновтың қарсыласы өзгерді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Осы уақытқа дейін шаршы алаңда жеңіліп көрмеген Қазақстан боксшысы Бобыржан Момынов (12-0, 8КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жоспарын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұған дейін BoxRec.com сайты 27 наурыз күні Ресейдің Екатеринбург қаласында Бобыржан Момынов жартылай орта салмақта бос тұрған IBF Baltic чемпиондық атағы үшін украиналық Эуард Скавинскиймен (13-0, 7КО) жұдырықтасатындығын жария еткен болатын.

 

Дегенмен, ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, отандасымыз 25 наурыз күні Пуэрто-Рикода өтетін Ring City кезекті шоуында шаршы алаңға оралмақ.

 

«Достар! Алланың қалауымен шаршы алаңға 25 наурызда Пуэрто-Рикода шаршы алаңға оралатындығымды хабарлағым келеді. Сіздерді кезекті рет жеңісіммен қуанту үшін барлық мүмкіндікті жасаймын», - деп жазды отандасымыз Instagram-парақшасында.

 

Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Брайан Себальо (12-0, 6КО).

 

Себальо &ndash Қазақстанның бокс жанкүйерлері үшін таныс есім. Ол 2019 жылы шаршы алаңда отандасымыз Бақтияр Аюбаевпен (14-2-1, 12КО) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

 

Ал Момынов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Қазан қаласында өткізіп, төрешілердің басым дауысымен ресейлік Вагинак Тамразянды жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Eurasia чемпиондық атағын жеңіп алған еді.

 

 




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 00:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30