Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қателігін түсінді". Экс чемпион "Канелоның" келесі айқасында не болатынын айтты

20 маусым 2022, 23:16

Екі салмақта чемпион болған, қазірде ESPN арнасында комментатор Тимоти Брэдли мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) өз деңгейіне қайта келу үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

"Канело" Головкинмен жұдырықтасу керек. Міне оған қарсылас.

Осы жолы Альварес жақсырақ айқасқанын күтемін. Ол өз қателіктерін түсінгеніне сенімдімін.

Оның әдетте қолданатын екі стратегиясы Биволға қарсы іске аспай қалды. Тақалып келіп, қолдарын биік ұстау, қарсыласты ашып, шоулдер-ролл соққылар - мұның бәрі өтпей қалды.

Ауыр соққы жасау үшін бұрышқа арқа сүйеп тұрып, қарсыластың жақындауын күту - ол да іске аспады.

"Канело" аяқпен қозғалуға қайта көшу керек. Ары-бері қимылдауын. Өз ісіңе қайта келген жөн.

Ол алдындағы жігіттерді нокаутқа түсіріп жүріп, жеңілге жаман үйреніп алды", - дейді Брэдли.